Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ ӘДІСІН ҚОЛДАНУДА

ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ ӘДІСІН ҚОЛДАНУДА

Түркістан облысы Созақ ауданында облыс әкімінің тапсырысы бойынша 22 азамат өздерінің үй іргелік жерлеріне тамшылатып суару қондырғыларын орнатып, көкөніс дақылдарын екті. «Болыс ата» шаруа қожалығы 112 тонна бақша дақылдарын Ресей Федерациясының Уфа қаласына экспорттады. Теріскейліктер үшін түйе шаруашылығын дамыту ауданның басым бағыттарының бірі болып қала береді. Өткен жылы 1660 бас түйе аналығын сатып алу межесі белгіленіп, жылдың қорытындысымен 1980 бас түйе аналығы сатып алынды. Аудан агроқұрылымдары «Golden Camel Group» ЖШС-не және «Казфут» ЖШС-не, 256 тонна түйе сүті қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізілді. 2230 бас мүйізді ірі қара мал басы асылдандырып, бұл бағыт бойынша жұмыстар жіті ұйымдастырылды. Мал шаруашылығын дамыту үшін аудан шаруалары 252 миллион 290 мың теңгеге субсидия алды. Кәсіпкерлік саласы бойынша 2020 жылы Шолаққорған ауылынан жобалық құны 50 миллион АҚШ долларын құрайтын «ЮКСЭС-50» ЖШС-нің күн электр станциясы салынып, іске қосылды. Онда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Аудан кәсіпкерлеріне несиелік ұйымдар арқылы 69 жобаға 303 млн. теңге несие алды. Шешілуі керек ауыз су, жол мәселесі бүгінде күрмеуі кертіліп, түйіні тарқатылып келеді.
Туристер тартатын “Ақбикеш” тарихи мұнарасынын қайта қалпына келтіру жұмыстарын «Казреставрация» ғылыми зерттеу және жобалау мемлекеттік мекемесі биыл аяқтады. Бұл аудан халқының көп жылдан бергі арман тілегі болатын. Осылай деп атқарылған жұмыстарды қорытындылаған аудан әкімі, биыл атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

@DIDARBEK.KZ

 

Пікір жазу