Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістан облысы Созақ ауданында өткен жылдары құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп, алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасын табады деп күтілуде.
Ту тұғыры алаңқайы мен Жастар орталығы ғимараты пайдалануға берілді. Аудан орталығынан «Теріскей» және «Абай» саябағы халық игілігіне ұсынылды. Аудандық балалар мен жасөпірімдер спорт мектебі күрделі жөндеуден өтіп, Сызған, Раң ата, Аққолтық және Шолаққорған ауылынан шағын футбол алаңшасы салынды. Бабата елді мекенінен балалар ойын алаңы мен Отан соғысына және еңбек ардагерлеріне арналып ескерткіш тақта ашылды. Жыл ішінде 25,5 шақырымды құрайтын 20 көшеге асфальт және қиыршақ тас төселді. Биыл аудан орталығы Ә.Молдағұлова және Таукент кентіндегі Сүгір Әліұлы орта мектебіне 300 орындық оқу корпусы, Ақсүмбе елді мекеніндегі С.Қожанов атындағы 100 орындық мектеп құрылысы пайдалануға беріледі. Тағы бір қуанышты жаңалық С.Қожанов атындағы тарихи-аймақтық мұражайының құрылысы аяқталады деп күтілуде. Шолаққорған ауылы, Ақшам мөлтек ауданын жарықтандыру құрылысы да ел игілігіне ұсынылады. Қазіргі таңда, Абай, Раң және Шу елді мекендеріне «Kcell» ұялы байланыс арнасы мен интернет желісі орнатылды. Шаға, Ақсүмбе, Бақырлы, Сарыжаз, Балдысу елді мекендеріне ұялы байланыс пен интернет желісі алдағы ақпан айында іске қосылады. Электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі 67% құрады. Білім беру ұйымдарының қашықтықтау оқыту жүйесіне көшуіне байланысты, республикалық бюджеттен 2004 дана ноутбук, 236 дана палншет, 206 компьютер, 100 компьютер демеушілер есебінен тұрмысы төмен отбасыларға таратылып берілді. Өмірлік жағдайы қиын баспанасыз жүрген 10 отбасы тұрғын үймен қамтылды. «Қамқорлық» акциясы бойынша 67 отбасы 374 адам 21 млн 721 мың теңгенің қаржылай материалдақ көмектерін алды.

@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу