Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЕКІНШІ ДОЗАСЫН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ЕКІНШІ ДОЗАСЫН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын алғашқылардың бірі болып Кентау қалалық емханасы қызметкерлері мен Кентау қалалық санитариялық эпидемиологиялық басқармасының қызметкерлері, Кентау қалалық орталық ауруханасының қызметкерлері және медицина ұйымының қызметкерлері, жұқпалы аурулар, жансақтау бөлiмi, қабылдау бөлімі, фильтр бөлiмi және санитарлық эпидемия мекемелерiнiң мамандарына «SPUTNIK-V» вакцинасының екінші дозасын егу жұмыстары басталды.
Вакцинацияға 02.02.2021ж. егілгендер шақырылып, 21 күн аралықпен жасалуда. Бүгін таңертең емханаға орталық қоймадан арнайы автоморозильникте 50 доза вакцина тасымалданып, вакцинаны егу жұмыстары жүргізілуде. Бұған дейін вакцина алғандар екінші дозасын алуы қажет. Вакцинациялау вакцинаның келіп түсуіне байланысты кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Бұл ретте, бірінші кезекте коронавирустық инфекцияны жұқтыру және тарату тәуекелі жоғары халықтың осал топтары коронавиустық инфекцияға қарсы вакцинациялауға жатады, одан әрі иммундауға жататын халықтың осал топтары қамтылады. Вакцинация алғандарға медициналық бақылау талапқа сәйкес ұйымдастырылып жүргізілді. Бүгінгі күні коронавирус инфекциясына қарсы екпе егілген азаматтардың денсаулығы жақсы. Екпеден кейін асқынулар тіркелмеді.
Вакцинация салдырудың алдында , дәрігердiң қабылдауында болып,қарсы көрсетілімдер болмаса ғана, екпе салуға рұқсат береді. Екпеден соң 30 мин бақылауда болады.Екi дозалық вакцинаны толық курсын алып, қауіпсіз болып жүрсе, ұжымдық иммунитет калыптасатынын еске саламыз.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу