Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ХАЛЫҚ АРАСЫНДА ДӘРІПТЕУГЕ НИЕТТЕРІН БІЛДІРДІ

ХАЛЫҚ АРАСЫНДА ДӘРІПТЕУГЕ НИЕТТЕРІН БІЛДІРДІ

Өңір тұрғындары арасында адалдық, әділдік құндылықтарын дәріптеу мақсатында құрылған Түркістан облыстық үгіт-насихат Штабының құрамы бүгін әлем чемпиондарымен толықты.  Атап айтсақ,  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық үгіт-насихат Штабына  мүше ретінде  армреслингтен  (қол күрестен)  әлем чемпиондары құрамға еніп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға жұмыла үлес қосуға ниеттерін білдірді. Бұл туралы Шардара ауданында Түркістан облыстық үгіт-насихат Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаевтың қатысуымен Шардара ауданында өткен келелі кездесуде атап өтілді.

Жиын барысында ел намысын әлемдік деңгейде танытып жүрген белгілі  спорт шеберлері адалдық және тұтастық  қағидаларын кеңінен дамыту мақсатында құрылған Штабтың негізгі бағыттарымен жіті танысып,  көлеңкелі қылмыстың жолын кесу –  әрбір ел азаматына жүктелген ортақ міндет екендігін баса айтты. Айта кетсек, Түркістан облыстық ақпараттық-ағарту Штабы 2019 жылдың 25 желтоқсан күні құрылып, бүгінгі күні парасаттылық идеялогиясын ілгерілету бойынша халық арасында  үгіт-насихат жұмыстарын тұрақты негізде жүргізуде.

@DIDARBEK.KZ

 

Пікір жазу