Түркістан қаласы облыс орталығы болған күннен бастап, киелі шаһарды дамыту және абаттандыру, көгалдандыру бойынша қарқынды жұмыстар атқарылып келеді. Бұл тұрғыда Түлкібас ауданы да ерекше үлесін қосып, өздерне бөлінген №14 секторда ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Солардың бірі көгалдандыру жұмыстары.
Бүгінгі күнге дейін Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен жоспарға сәйкес жалпы саны 7310 түп арша,терек, гужум, қараағаш көшеттері отырғызылды. Қазіргі таңда 5 көшеге (Сатыпалды көшесіне-2400м2, Жүнекей-4800м2, Кенжебай-4800м2, Нахипова-4800м2, Майлықожа-4800м2, Дастанов-1500м2) жалпы аумағы 18 300м2 жерге тамшылатып суару жүйесі жүргізілді.
Егілген көк желекті суаруға қажетті ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында 2 дана ұңғыма қазу жұмыстары аяқталып (Дастанов көшесінде-1, Майлықожа-1 дана), 3 дана ұңғыма (Жүйнекей көшесінде-1 дана, Нахипов көшесінде-1 дана, Шымкент Тас Жолы көшесінде-1дана) қазу жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш жұмыстар облыс әкімінің орынбасары Ұ.Тәжібаевтың хаттамалық тапсырмаларына сәйкес және «Жасыл Түркістан» МКК-нің басшылығымен бекітілген жұмыс кестесі бойынша уақытылы жүргізілуде. Яғни ағаштарды бекіту,сырлау, дәрілеу, қосымша сәнді ағаштар отырғызу жұмыстары жоспарға сай іске асуда.
@DIDARBEK.KZ