Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ДАЙЫН БОЛУЫН ТАПСЫРДЫ

ДАЙЫН БОЛУЫН ТАПСЫРДЫ

Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт шұғыл түрде төтенше жағдайдың алдын алуға бағытталған штаб мүшелерін және аудан аумағындағы мекеме басшыларын жинап, ауа райының қолайсыздығына байланысты жұмыстың күшейтілген режимде жүруін тапсырды. Республикалық, облыстық, ауданішілік жолдардың тазалануын, жолда көлік, адам қалмауын қатаң бақылауда болуын және білім, денсаулық, әлеуметтік нысандардың қалыпты жұмыс істеуін, түнгі жарықтандырулардың толық қосулы болуын қатаң ескертті. Сонымен қатар, боран салдарынан көгілдір отыр(газ), су және электр жарығы өшкен жағдайда шұғыл түрде іске қосу жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.
Отырыс барысында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша әр қызметтің белгіленген алгоритм іс-қимылдары пысықталды.
Қазіргі таңда аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінде қар құрсауынан жолаушыларды шығаруға арналған жоғарғы жүрістегі техникалар мен жеке құрамы кезекшілік етуде.
Аудан аумағындағы күре жолдар бойын қардан тазалау жұмыстарын 17 арнайы техника іске асыруда.
Барлық ауылдық округ, кент әкімдіктерінде тәулігіне 24 сағат кезекшілік жүргізілуде.
Шақпақ баба елді мекенінде және Машат асуында 4 жылыту бекеттері қажеттілігіне қарай 300 жолаушыны қабылдауға дайын.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу