Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТУРИСТЕРДІҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫ АРТА ТҮСПЕК

ТУРИСТЕРДІҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫ АРТА ТҮСПЕК

Түркістан қаласы Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымына (ДМҚҰ) ресми түрде қабылданды, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Осылайша шаһардағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі енді туристердің қызығушылығын одан да арта түспек. Осы мақсатта екінші сәуір күні Түркістан қаласында Еуразияның Дүниежүзілік мұрасы қалаларының X Халықаралық конференциясы өтеді. Бұл конференция Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымының (ДМҚҰ) серіктестігі шеңберінде ұйымдастырылды.
Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымы (ДМҚҰ) мүше қалаларға ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізудің нақты талаптарына сәйкес бейімделуге және оларды басқару әдістерін жетілдіруге көмек көрсетеді.
Жалпы, аталған ұйым 1993 жылы сегізінші қыркүйекте Фес қаласында (Марокко) құрылған. Ұйым — дүниежүзілік мұра объектісін қалалық басқаруға қатысты барлық мәселелер бойынша ұжымдық кеңес және өз аумағында ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген 300-ден астам қаламен байланысады. Бұл қалаларда 164 миллионнан астам адам тұрады.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу