Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА КӨМЕК БЕРМЕК

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА КӨМЕК БЕРМЕК

Алматы қаласындағы А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының білікті мамандары, уролог — трансплантолог Ернұр Белгібаев пен Ельшад Набиев Отырар ауданының тұрғындарына дәрігерлік кеңес беруде, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі.
Білікті мамандар екі күн бойы Отырар ауданының тұрғындарын қабылдап, көмек көрсетеді.
Тәжірибелі мамандар несеп — тас ауруы, қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы, қуық тас ауруы, бүйрек ісігі, қуық ісігі, бүйрек кистасы, бүйрек жетіспеушілігі секілді аурулар бойынша науқастарды медициналық тексеруден өткізеді.
Алматы қаласына барып, білікті дәрігерлердің қабылдауына жазылу аудан тұрғындары үшін оңай шаруа емесі анық. Білікті дәрігерлердің өздері ауданға келіп кеңестерін беруде.
Осылайша Отырар ауданында туып — өскен азаматтар жерлестеріне көмек қолын созып, қамқорлық көрсетуде. Ал, медициналық кеңес беруден түскен қаржыны осы аудандағы әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға табыстауды ниет етіп отыр.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу