Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КІШІ ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

КІШІ ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Сарыағаш ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2021 жыл ақпан айының 20 жұлдызында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Тәуелсіздік тұғырым!» атты ұранмен кіші футбол және волейболдан құқық қорғау органдары, дербес бөлімдер, аудан, қала, кент және ауылдық округ әкімдіктері қызметкерлері арасында жарыс өтті. Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары М.Сейтимбетов арнайы қатысып, командаларға сәттілік тіледі.
Жасыл алаңға шыққан мемлекеттік қызметшілер өздерінің спортта да осал емес екендіктерін көрсетті. Сайысқа қатысушылар арасында барлық сақтық шаралары қатаң сақталған.
Кіші футболдан сайысқа қатысушылар арасынан бас жүлдені өздерінің бірліктерінің арқасында жеңіс тұғырынан көрінген Түркістан облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының 3-полиция батальоны Сарыағаш ауданы бойынша полиция взводының құрама командасы жеңіп алса, күміс жүлдені аудан әкімі аппаратының қызметкерлері иеленді. Ал, Сарыағаш аудандық сотының командасы қола жүлдегер атанды. Жеңімпаз командаларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында өткізілген іс-шара ауданымызда бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, халық арасында достық пен өзара қатынастарды нығайту мақсатында жүзеге асты.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу