Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » БАЛУАН ТУРАЛЫ КІТАП ҮШ ТІЛДЕ ШЫҚПАҚ

БАЛУАН ТУРАЛЫ КІТАП ҮШ ТІЛДЕ ШЫҚПАҚ

Қазақ деген халықты бүкіл әлемге танытқан әйгілі алып күш иесі -Қажымұқан бабамыздың туғанына биыл 150 жыл. Қазір осы мерейтойға арналған түрлі шаралар бастау алуда. Мұндай игілікті істер Ордабасы ауданында да атқарылуда. Соның бірі –аудан азаматтарының күшімен құрастырыплы жатқан Қажымұқан жайлы кітап. Бұйыртса бұл дүние үш тілде жарық көрмек. Бұл туралы DIDARBEK.KZ хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасына сілтеме жасап.

Ия, дәлірек айтсақ  палуан  бабамыздың  сүйегі    Темірланның іргесіндегі елдімекенде. Ол ауыл қазір қазір батырдың өз атымен аталады. Кесенесі үлкен жол бойында орналасқан.   Ұлт мақтанышына айналған бабамыздың мерейтойына қазір ордабасылықтар да қызу дайындалуда. Сондай –ақ, батыр бабамызға арналған спорттық мұражай да  аудан орталығында орналасқан.

Қазақ деген халықты өткен ғасырлардың өзінде – ақ бүкіл әлемге танытқан  палуанның  54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалағаны тарихтан белгілі. Әйтседе біз білмейтін деректер әлі де жетерлік. Осы олқылықтардың орнын  толтыру үшін   қазір Қажымұқан жайлы  үш тілде кітап жазылуда.

Батыр бабамыздың көзін көрген жандар ел арасында әлі де баршылық. Олардың айтқан әрбір  естелігі құнды дүниеге айналуы тиіс.  Қария бала күнінде  даңқты палуанның өнерін көріп қана қоймай, оның ыдысынан талай мәрте асы ішіп, сарқытын жеген.

Дала батырының 150 жылдық тойына арналған шаралар жыл бойына   жалғаспақ.  Оған Оңтүстіктің айнасы атанған «Оңтүстік» телеарнансының да қосар үлесі мол.

@DIDARBEK.KZ

 

 

 

 

Пікір жазу