Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТЕРГЕУШІЛЕРДЕН СЫНАҚ АЛЫНДЫ

ТЕРГЕУШІЛЕРДЕН СЫНАҚ АЛЫНДЫ

Мемлекет басшысының 1 қыркүйек 2020 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жоспарының 102 тармағындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты негізгі процестік шешімдерді қабылдау прокурорлармен келісу міндеттелген. Аталған тапсырма аясында ҚР Бас прокуратурасы және қылмыстық қудалау органдарымен біргелікте қылмыстық процестік заңнамаға кешенді түзету енгізілген.
Осыған орай, Төлеби аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков карантин режимін сақтай отырып, маңызы зор іс-шара өткізді. Яғни, Төлеби ауданының полиция бөлімі тергеу және анықтау саласы қызметкерлеріне сабақ өтіп, сынақ қабылдады. Тәртіп сақшылары тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерді тыңдады. Сонымен қатар тәртіп пен заңдылықты сақтап, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбау туралы мәселесі күн тәртібінен түсірмеуді алға тартты.
Полиция полковнигі А.Қалдарбеков кездесу соңында: «Бүгінде Электронды қылмыстық іс» форматымен жұмыс жасаудың тиімділігіне толыққанды көз жетті. Мұнда тергеу мерзімі үнемделіп, бақылау арақашықтықта жасалынады. Кіріс, шығыстардың барлығы бірыңғай тіркеу журналына тіркеледі. Сондықтан, ең алдымен тергеп-тексерудің сапасына көңіл бөлу керек. Бүгін, біз осы мәселені назарға алдық»,-деп қорытындылады.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу