Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » НАҒЫЗ ТАЛАНТ — ХАЛЫҚ АРАСЫНДА

НАҒЫЗ ТАЛАНТ — ХАЛЫҚ АРАСЫНДА

Нағыз талант халық арасында, қарапайым тұлғаның бойынан табылуы ғажап емес. Жас болса да қазақстандық жұлдыздардың біразына ән жазып, ол әндері тыңдарманның сүйіктісіне айналған, өзі қарапайым Ізбасар Кеңесов жайында әңгіме қозғамақпыз.
Кеңесов Ізбасар Құрманғазыұлы 2019 жылдан бастап «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК мекемесінде әншілік қызмет жасап келеді. Аз уақыттың ішінде таланты мен еңбекқорлығының арқасында біршама жетістікке жеткен жас әнші. Музыкалық аспаптарда еркін ойнайды, бастысы әндерді өзі шығарып, аранжировкасын жоғары деңгейде дайындайды.
Атап айтсақ: әнші Ақбота Керімбекованың «Неге,неге», «Ақ тілек», Ғазизхан Шекербековтың орындауындағы «Басымды қатырма», Әділ мен Дана дуетінің «Жүректесің», Қайрат Нұртастың «Сезім қайда» әні, Мейрамбек Бесбаев пен Ғазизхан Шекербектің орындауынбағы «Достарға», Мөлдір Әуелбекованың «Арман алдамайды», Сәкен Майғазиевтің «Қазақстан» әндерінің әуендерін жазған.
Сондай-ақ, «Ағайындылар» тобының «Уәде бер маған», Алмас Кішкенбаевтің «Тыңдама», Ерке Есмаханның «Аэропорт», «Бал сезім», «Қайда (жоқ, жоқ) , «Неге, неге», Ернар Айдардың «Қазақтың жігіттері», Жұбаныш Жексенұлының «Өмір, өмір» әндерінің аранжировкасын жасаған. Бұл әндер бүгінде қазақ эстрадасында үздік әндер қатарында десек артық айтпаймыз. Ал әншінің өз ән қоржынында 30- дан астам жеке орындап жүрген әндері бар.
Қайырымдылық жасауға жаны құмар жас композитор 2020 жылы «СӘТ» триосының экс әншісі Тұрар Тұрмысовтың жеке ән кешін ұйымдастырып, өзінің авторлық әндерін сыйға тартып, біршама жаңа әндерінің аранжировкасын жасап берген болатын. Естеріңізде болса, зағип балалардан құралған «Сәт» триосы өз тыңдармандарының сүйіктісіне айналып, көпшіліктің есінде қалған керемет топтардың бірі. Ізбасар Құрманғазыұлы сондай-ақ, көптеген қоғамдық, қайырымдылық кештерде аянбай өнер көрсетіп, ел ықыласына бөленіп жүргенін айта кету керек.
Жас болса да ізденпаздығының арқасында 2017 жылы облыстық «Мәңгілік ел» патриоттық ән мен әнші байқауында «Қазақстан» әні үздік атанып, бас жүлдені иемденді. 2018 жылы облыстық «Мәңгілік ел» патриоттық әндер байқауының жеңімпазы, 2019 жылы Түркістан облысы Шардара ауданының 55 жылдығына арналған «Шырқалсын Шардараның әндері» атты ән байқауының бас жүлдегері, «Ел Үміті» жастар форумының қатысушысы, 2020 жылы Республикалық ән өңдеушілер байқауының 2 орын иегері атанды. Осынау жетістіктер қажырлы еңбекті қажет ететіні сөзсіз.

Пікір жазу