Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Спорт » СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР ҚЫЗА ТҮСТІ

СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР ҚЫЗА ТҮСТІ

Биылғы 1 наурызда Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен алғаш рет Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Шымкент жастар лигасы» жобасы бастау алған болатын.
Жалпы жүлде қоры 80 млн теңгені құрайтын сайыста спорттың футбол, волейбол, баскетбол және шахмат түрлерінен турнир 2 кезеңде өткізіледі.
1-кезең наурыз-мамыр айлары аралығында мектеп оқушылары арасында өтсе, 2-кезең қыркүйек-қараша айларында жоғары және орта арнаулы оқу орындарында өтеді.
1-кезең басталғалы бері Абай ауданында баскетболдан және Қаратау ауданында волейболдан тартысты ойындар өтуде. Атап айтар болсақ, Абай ауданындағы №86 және №54 мектептерде волейболдан 98 ойын өтсе, ал Қаратау ауданындағы №135 мектепте баскетболдан 94 ойын өтті.
Жобаға қатысу үшін қаладағы 140 мектептен 536 команда өтінім берген. Оның ішінде, футболдан — 135, баскетболдан — 130 және волейбол — 131 команда ұйымдастырылған.
Өте тартысты ойын барысында әр мектептен жасақталған фан-клуб мүшелері өз командаларына жанкүйерлік жасап, қолдау көрсетуде.
Айта кетейік, әр спорт түрінен жеңімпаз командаға 20 млн теңге сыйақы беріледі. Бұл қаржы мектептің материалдық-техникалық базасын жасақтауға жұмсалады.
Қазіргі уақытта 1 наурыздан бастап Абай ауданы бойынша баскетболдан, Қаратау ауданы бойынша волейболдан жарыстар өтіп жатыр. Ал, Әл-Фараби ауданы бойынша 10 наурызда футболдан жарыстар басталды. Еңбекші ауданы бойынша волейболдан 15 наурызда жарыс басталады.

Пікір жазу