Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » МІНЕЗІ ҚАЙСАР, ЖҮРЕГІ ЖҰМСАҚ АРУ

МІНЕЗІ ҚАЙСАР, ЖҮРЕГІ ЖҰМСАҚ АРУ

Өмірде көп нәрсе әйелдерге байланысты екені белгілі. Ер елдің иесі болса, әйел үйдің киесі. Бір қолымен бесікті тербетіп, екінші қолымен әлемді тербететін де әйелдер. Полиция саласында қызмет пен отбасыны қатар алып жүрген полицей әйелдер жетерлік. Солардың бірі —
Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция басқармасы Бұқаралық іс-шараларды қамтамасыз ету тобының аға инспекторы полиция майоры Қарлығаш Әділбайқызы Семжанова. Құқық қорғау саласында көп жылдар қызмет атқарып келе жатқан полиция майоры Қарлығаш Әділбайқызының әріптестері алдында абыройы озық.
Мінезі қайсар, жүрегі жұмсақ ару бүгінде жұмысының жеңісі мен жемісін қатар көруде. Тәуліктің кез келген уақытында іске кірісіп, аянбай еңбек етіп келе жатқан Қарлығаш Әділбайқызы Семжанова полиция саласында белгілі бір жетістікке жетіп, елге қызмет ету үшін ер болып туудың міндетті емес екендігін айтады. Еңбек жолы елеулі істерге толы погонды арудың көптеген құқық бұзушылықтың алдын алуда қосқан үлесі зор екені айтпаса да түсінікті.
Қатаң тәртіп пен кәсібилікті үйлестіре білген полиция майоры құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жұмыс жасайды. Өз қызметтік міндетін атқару барысында ол антына адалдық танытып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, азаматтардың тыныштығын, заңдылық пен құқық тәртібін қорғауға зор үлес қосып келе жатқан нәзік жанды полицейдің бірі. Бүгінде ол аяулы ана, асыл жар. Өмірлік жолдасы Дархан Жұмаділов отставкадағы полиция майоры, бүгінде Ішкі істер органдарының зейнеткері. Жолдасы Дархан екеуі Нұрдәулет, Нұрасыл, Ақәділ есімді үш батырды тәрбиелеп, өсіріп келеді.
Айта кету керек, Қарлығаш Әділбайқызы бүгінге дейін ҚР Ішкі істер министрлігінің, сондай-ақ облыстық ішкі істер департаментінің Алғыс хаттармен бірнеше мәрте марапатталған. Мереке қарсаңында Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетовтың қолынан ҚР ІІМ «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Аталған марапаттардың бәрі қызметтік міндеттеріне адалдықпен қарап, заңдылықтың бұзылуына жол бермей, құқық бұзушылықтарымен күресуде кәсібилігін танытып, басшылық тарапынан жүктелген тапсырмаларды уақытылы әрі сапалы орындай білетіндігінің дәлелі.
Өз қызметтік міндетін атқаруға адалдық танытып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, халық арасында сақтық жұмысын жүргізіп, азаматтардың тыныштығын, заңдылық пен құқық тәртібін қорғауға зор үлес қосып келе жатқан нәзік жанды полицейдің еңбек жолында жеткен жетістіктері де аз емес. Тынымсыз еңбек қашанда өз бағасын алатыны осы болар.

Пікір жазу