Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ҚАЙСАРЛЫҚ ТАНЫТҚАН БАҚДӘУЛЕТ

ҚАЙСАРЛЫҚ ТАНЫТҚАН БАҚДӘУЛЕТ

Қылмыскерлерді құрықтауда қайсарлық танытқан Бақдәулет полиция тарапынан Алғыс хат алды, деп жазады қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz».
Шымкент қаласы Қаратау аудандық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Арман Тленшин Нұртас мөлтекауданының тұрғыны 25 жастағы Бақдаулет Түгелге алғыс хат жариялады.
Шымкент қаласының тұрғыны Бақдәулет демалыс күндері қонақтан ерте келіп қалып, үйіне ұры түскенін байқайды. Содан дереу Қаратау аудандық полиция басқармасының «102» телефонына хабарлайды. Полиция қызметкерлері келгенше екі ұрымен арпалысып, олардың қашып кетуіне жол бермейді. Осы ерлігін ескере отырып, қылмыскерлерді құрықтауда қайсарлық пен табандылық танытқаны үшін полиция тарапынан Алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, батыр жігітке полиция қатарында жұмыс жасауға ұсыныс жасалды.
Өз кезегінде, полиция тарапынан алғыс алған Бақдәулет тәртіп сақшыларының оқиға орнына тез арада келіп, ұрлық жайтын ашқаны үшін алғысын білдіріп, ішкі істер органдары қатарына қызмет етуге қарсы емес екендігін атап өтті.

Пікір жазу