Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі ювенальдық полиция бөлімінің инспекторы, полиция лейтенанты Клара Басымбекова оқушыларға жол қауіпсіздік ережелері туралы сабақ өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға жаяу жүргіншілерге арналған жол қауіпсіздігі ережелерін еске салу. Балалар жолдан өтпес бұрын толық қауіпсіздікке көз жеткізулері қажет. Өз кезегінде ювенальдық полиция бөлімінің инспекторы өз қызметінің ерекшелігін айтып, оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Оқушылардың жол ережесі бойынша сауаттылығын арттыру үшін осы тектес іс-шаралардың маңызы зор. Бүгінде қала ішінде автокөліктердің аз емес екені белгілі. Сондықтан да, балалардың жастайынан жол ережелерін үйреніп, біліп өскені ешқандай да артықтық етпейді.
«Жолда жүру ережелерін әрбір бала білуі керек. Себебі үй мен мектеп арасында оқушылар жиі жүреді. Яғни сабағы бар, үйірмелері бар. Қырағылық танытып, барлық қауіпсіздік ережелерін қаперде ұстау қажет» — дейді полиция лейтенанты.

Пікір жазу