Қазіргі кезде мемлекетіміз үшін кәсібилік деңгейі жоғары мамандар дайындап шығару қандай өзекті мәселе болса, жас мамандарға қолдау көрсету дәл сондай көкейкесті мәселе болып табылады. Бұл мақсатқа жетудің тиімді тетіктерінің бірі алдыңғы толқын ағалардың кейінгі толқынды тәрбиелеу ісі екендігінде дау жоқ.
Тәлімгерліктің мақсаты — қамқорлыққа алынушы жас маманның атқарып отырған лауазымы бойынша білікті маман, дүниетанымы кең, жоғары адамгершілік қасиеттері бар адам ретінде қалыптасуын жеделдету. Осы бағытта жас қызметкерге бағыт-бағдар көрсетіп әрі жетекшілік етіп келе жатқан Шымкент қаласының Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының анықтаушысы полиция капитаны Берік Кожабайұлы Ішкі істер органында 2015 жылдан бастап қызмет атқарып келеді.
Бүгінгі таңда полиция капитаны жас маман Азамат Мырзахметовке тәлімгерлік етуде. Азамат Күнтуғанұлы Б.Бейсенов атындағы ІІМ Қарағанды академиясының IV курс курсанты. Ол жуық арада ғана Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен Абай ауданы Полиция басқармасының анықтаушысы лауазымына тағайындалған болатын.
«Ұстаздан шәкірт озар демекші, жас қызметкерлеріміздің кәсіби біліктілік деңгейін жетілдіру жолында өзім де тәлімгерлік шеберлігімді жетілдіріп келемін»- деді Берік Канаев.