Қалалық Полиция департаментінде тағылымдамадан өтіп жүрген жас қызметкердің бірі — Қуандық Бибарыс. ҚР ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының IV курс курсанты. Бибарыс Бақтиярұлы қазіргі таңда Шымкент қаласы Қаратау ауданы Полиция басқармасында анықтаушы лауазымында тәжірбие жинақтауда. Жас маманға жетекшілік ету міндеті – Қаратау ауданы Полиция басқармасы бастынының орынбасары полиция капитаны Өмірбек Дәулет Асанбекұлына жүктелген. Полиция капитаны нағыз тәлімгер ретінде жас қызметкерлермен өзінің кәсіби білімін ғана емес, сондай-ақ өмірлік тәжірибесін де бөлісіп келеді.
Қазіргі кезде мемлекетіміз үшін кәсібилік деңгейі жоғары мамандар дайындап шығару қандай өзекті мәселе болса, жас мамандарға қолдау көрсету дәл сондай көкейкесті мәселе болып табылады. Бұл мақсатқа жетудің тиімді тетіктерінің бірі алдыңғы толқын ағалардың кейінгі толқынды тәрбиелеу ісі екендігінде дау жоқ.
«Тәлімгер үшін ең бастысы – жас маманның толықтай тәуелсіз және мүмкіндігінше жауапты қызметкер болып қалыптасуы.» — дейді Өмірбек Дәулет Асанбекұлы.