Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » БЕКІТІЛГЕН БЕКЕТТЕРДЕ ПОЛИЦИЯ ПОЛКІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ

БЕКІТІЛГЕН БЕКЕТТЕРДЕ ПОЛИЦИЯ ПОЛКІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ

Шымкент қаласындағы бекітілген бекеттерде патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет атқаруда, деп жазады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.
Қала көшелерінің қиылысында арнайы форма киген патрульдік полиция қызметкерлерін көру қала тұрғындары үшін үйреншікті жағдай болып та кетті.
Патрульдік полиция полкінің бірінші кезектегі міндеті — қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күрес, азаматтарды жолдардағы қылмыстық әрекеттерден қорғау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазіргі таңда Патрульдік полиция полкімен жол — көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау қалыптасқан жедел жағдайды тұрақтандыру бағытында қосымша нақты іс-шаралар жоспары әзірленіп, жұмыстар атқарылуда.
Сондай-ақ, қоғамдық орындар мен көшелердегі жол көлік апатын алдын алу бағытында департамент бастығының нұсқауына сәйкес қала аумағында 28 бекетте кептеліс жиі орын алатын көше қиылыстарында 2 қызметкерден таңғы сағат 07:30-дан 09:30-ға дейін 56 қызметкер, түскі сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін 56 қызметкер, кешкі сағат 17:30-дан 20:00-ге дейін 56 қызметкерден қызмет атқаруда.

Пікір жазу