Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » «КӨҢІЛДІ ДЕЛЬФИНДЕР» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

«КӨҢІЛДІ ДЕЛЬФИНДЕР» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

Шымкентте орталық су спорты кешенінде «Көңілді дельфиндер» атты республикалық турнир басталды, деп жазады Оңтүстік телеарнасына сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шарада Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларымен қатар, еліміздің барлық облыстарынан спортшылары бақ сынауда. Айтып өтейік, жарыс санитарлық талаптарға сай өтуде.

Карантин жағдайына байланысты жабық тұрған спорт кешендерінде республикалық жарыстар өте бастады. Шымкент қаласындағы орталық су спорты кешенінде жастар мен жасөспірімдер арасында дәстүрлі турнирдің жалауы көтерілді. Халықаралық сайыстарға қатысып жүрген жүзден аса спортшы бар. Басқа өңірлерден келген мамандар Шымкент су спорты орталығындағы бассейіннің халықаралық талапқа сай екендігін айтты.

Жыл бойы спортшылар үй жағдайында тынымсыз жаттығулар жасап жүйелі жұмыс істегенмен жарыстағыдай бәсекелестік болмайды. Ең бастысы су орталығы санитариялық талаптарға сай болып шықты. Сайыстың өтуінің өзі — жеңіс болған сынды.

Алғаш болып қыздар арасында жеңімпаздар да анықталды. Жалпы командалық бас жүлдеге алаң иелерімен қатар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Павлодар командалары үміт артып, мықтылық танытуда. Жастардың жүзу кезіндегі уақыт көрсеткіштері мамандардың ойынан шығып отыр.

Жасөспірімдер арасындағы сайыс қорытындысында Алматы қаласының суда жүзу шеберлері бас жүлдені жеңіп алды. Петропавл қаласынан келген спортшылар жүлделі екінші орынды иемденді. Ақтөбе облысының командасы қола медалға қол жеткізді. Алдағы уақытта жастар арасындағы жеңімпаздар анықталмақ.

 

Пікір жазу