Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » МЕРЕКЕДЕ ТӨС ҚАҒЫСТЫРЫП, ТАТУЛАСТЫ

МЕРЕКЕДЕ ТӨС ҚАҒЫСТЫРЫП, ТАТУЛАСТЫ

Араздасып қалған мектеп оқушылары наурыз мерекесінде төс қағыстырып, татуласты. Оған себепкер болып отырған полицей қызметкерлері.
Жастар арасындағы қылмыстың алдын-алу мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Жасөспірімдер мен жастардың қылмысы туралы мәселе құқық қорғау органдарынан өзге басқа да мемлекеттік ұйымдардың үнемі қадағалауын талап етеді. Бұл орайда бала тәрбиесіне ата-аналардың дұрыс тәрбие беріп, өмірге бейімдеуі маңызды рөл атқарады.
2021 жылдың 9 наурыз күні Шымкент қаласы Бадам-1 тұрғын алабында орналасқан №105 мектебіне қарасты 8 сыныптың 3 оқушысы және 9 сыныптың 3 оқушысы белтемірге тартылып, өзара сайысқан. Осы кезде олар бір-бірімен түсініспей, сөзге келіп, арты жаға жыртысуға дейін барған.
Осыған ұқсас жайттардың алдын алу, болдырмау мақсатында Бадам-1 тұрғын алабының билері, ақсақалдары, Еңбекші аудындық Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметкерлері және мектеп ұжымының ұйымдастыруымен кездесу өтті. Оған қиқілжіңге келген мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарының басым бөлігі қатысқан. Жиналыста өзара келісімге келген екі тарап, бір-біріне кешірім беріп, қол алысып татуласты. Қазіргі таңда оқушылардың барлығы келісімге келіп, барлығы достасты.

Пікір жазу