Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » АМАН-ЕСЕН ТАБЫЛДЫ

АМАН-ЕСЕН ТАБЫЛДЫ

Жоғалған бүлдіршін жарты сағат ішінде аман — есен табылды. Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының кезекші бөлімінің “102” пультіне күндізгі уақытта кішкентай баланың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
6 жасар баланың анасы ұлының аялдамада автобусқа мініп кеткенін айтқан. Оқиға орнына Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері дереу бағыт алып, жоғалған бүлдіршінді іздестіруге кіріскен. Полицейлер жалғыз жүрген баланы көруі мүмкін деген куәгерлер мен жолаушылардан сұрастырған. Анасының айтуынша балақай Жангелдина көшесінің бойында жолаушылар көлігіне мініп кеткен. Қосымша тәртіп сақшыларына нұсқаулық беріліп бейнебақылау камералары тексерілген.
Нәтижесінде Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің №18 учаскелік полиция пунктінің аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Бағлан Асанов Түркістан көшесінің бойынан жоғалған балақайды тапты. Табылған баланы тәртіп сақшылары анасына тапсырды. Осылайша Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде жоғалған балақай жарты сағат ішінде дін аман табылды.
«Ұлымды тауып берген полицейлерге үлкен рахмет. Қазір балам менің қасымда»,– деп алғысын білдірді  жергілікті тұрғын. Шымкент қаласының полицейлері ата-аналардан балаларына мұқият қарау және оларды назардан тыс қалдырмауларын сұранады.

Пікір жазу