Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Тәуелсіздіктің тірегі – білімді ұрпақ!

Тәуелсіздіктің тірегі – білімді ұрпақ!

Шымкент қалалық Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен «Оқушылар мен студент жастардың дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы аясында №47 мектеп-гимназиясының базасында қалалық білім басқармасына қарасты Әл-Фараби ауданы бойынша №№1,6,9,11,13,15,35,64,47,75,77,79,129, Болашақ, БИЛ-1, БИЛ-2 білім беру мекемелері білім алушыларының арасында Ж. Жабаевтың 175 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің тұлғасы» тақырыбында өңірлік дебат турнирі өткізілді. Турнирге 3 лига бойынша 18 қазақ, 12 орыс, 8 ағылшын, барлығы 38 команда қатысты.
Дебат нәтижесі төмендегідей:
Қазақ лигасы: І-дәрежелі диплом — №47 мектеп-гимназия
ІІ-дәрежелі диплом — №64 мектеп-гимназия
ІІІ-дәрежелі диплом — №47 мектеп-гимназия.
Қазақ лигасы бойынша номинациялар: «Үздік спикер» — Құрманалиев Рахымжан; «Үздік көшбасшы» — Мансұр Амина; «Үздік оратор» — Елшібек Алуа; «Дебаттық креатив» — «Жастар жалыны».
Орыс лигасы: І-дәрежелі диплом — №1 мектеп-гимназия
ІІ-дәрежелі диплом — №77 мектеп-лицей
ІІІ-дәрежелі диплом — №9 IT лицей.
Орыс лигасы бойынша номинациялар: «Үздік спикер» — Халидбек Екатерина; «Үздік көшбасшы» — Есенгелдиев Данияр; «Үздік оратор» — Калмыкова Софья; «Дебаттық креатив» — Сабыралы Гаухарбек.
Ағылшын лигасы: І-дәрежелі диплом — №1 мектеп-гимназия
ІІ-дәрежелі диплом — №47 мектеп-гимназия
ІІІ-дәрежелі диплом — №77 мектеп-лицей
Ағылшын лигасы бойынша номинациялар: «Үздік спикер» -Ибрагимова Согдиана; «Үздік көшбасшы» — Амангелді Мерей; «Үздік оратор» — Жарқынбек Шұғыла; «Дебаттық креатив» — Цой Елизавета. Турнир соңында Әдістемелік орталықтың «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру» бөлімінің басшысы жас дебатшыларға сәттілік тілеп, алдағы уақытта кәсіби тұрғыда шыңдалу үшін мектептер арасында жолдастық кездесу турнирлерін өткізу қажеттігін атап өтті.

Пікір жазу