Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ҮЗДІК ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

ҮЗДІК ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Дарын» орталығы» «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық/қалалық) кезеңі» жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Ғылыми білімді насихаттау және оқушылардың ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай тудыру, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білімнің беделін көтеру болып табылады.
Салтанатты ісшараның мақсаты – олимпиаданың үшінші (облыстық
/қалалық) кезеңінің қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, республикалық кезеңге жолдама алған 85 оқушы Шымкент Дарын орталығының дипломдарымен марапатталады.
Олимпиада жаратылыстану  -математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша өткен.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер:  математика, физика,  химия, биология, информатика, география.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі, өзін-өзі тану.

Пікір жазу