Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ҮЗДІК ҰСТАЗ – ҒИБРАТТЫ ҮЛГІ

ҮЗДІК ҰСТАЗ – ҒИБРАТТЫ ҮЛГІ

Джантұрсынова Гүлбану Асанқызы 2008 жылдан бері Шымкент қаласы білім басқармасының Политехникалық колледжінің, «Бағдарламалау және автоматтандырылған жүйелер» пәндер бірлестігінің арнайы пәндер оқытушысы.
«Үздік ұстаз-2017» байқауында жоғары деңгейлі шығармашылығымен танылып, жүлделі І орын иеленген.
Гүлбану Асанқызынан дәріс алған студенттер облыстық, қалалық білім додаларында шыңнан көрінуде. Атап айтсақ, Абрайым Айдос облыстық «Worldskills Kazakhstan-2018» облыстық чемпионатына қатысып 1-орынды иеленді.
«Worldskills Kazakhstan-2020» аймақтық чемпионатына қатысқан Дарханов Абылайхан 1-орын және 75000тн сертификатпен марапатталды.
 Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұлағатты ұстаз – «Нағыз ұстаз болу — бақыт әрі абырой» деп санайды. Өзінің білімін үнемі жетілдіріп отыратын Анна ханым тәрбиелеп отырған шәкірттері де әрдайым биік шыңнан көрініп отырады.
Оның әр ісінен шығармашылықты, жоғары педагогикалық білік пен ізденімпаздықты көре аласыз. Өзінің әдістемелік шеберлігін шыңдап, оқу үрдісіне жаңа технологияларды енгізуде өзіндік жүйе қалыптастырып үнемі жоғары халықаралық инновацияларға теңестіріп отырады.

Пікір жазу