Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ӘННЕН ШАШУ ШАШТЫ

ӘННЕН ШАШУ ШАШТЫ

Шымкент қалалық Мәдениет үйі Наурыз мерекесіне орай әннен шашу шашты. Бұл туралы қалалық ақпараттық — коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.
Мерекелік кештің шымылдығын қалалық Мәдениет үйінің директоры Сәкен Майғазиев ашты.
— Құрметті шымкенттіктер, Қазақтың жаңа жылы — 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні баршаңызға құт- береке, ырыс — несібе, мол бақыт әкелсін. Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңитін кезеңі — Наурыз мейрамы құтты болсын! Қалалық Мәдениет үйінің сіздер үшін дайындаған концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар! — деді Сәкен Қордабайұлы Майғазиев.
Наурыз мейрамы онкүндігі аясында мегаполистің жұлдыздары шымкенттіктерге керемет көңіл күй сыйлады.
Атап айтқанда, Сәкен Майғазиев, Айгүл Азатова, Нұржан Жүнісбеков, Айнұр Назарбекова, Жамбыл Нұрлыбай, Ерлан Асанов, Әйгерім Тәжі, Астана Қарғабай, Жұлдыз Шүкірбаева халықты әсем әндерімен қуантып, “Қазына” би ансамблі өз өнерлерін паш етті.

Пікір жазу