Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің Абай атындағы орталық кітапханасында Батыс қазақстаннан келген мәдениет және өнер қызметкерлері Шымкенттік өнер және мәдениет майталмандарымен кездесіп, тәжірибе алмасты.
Қонақтар пилоттық жобада жұмыс жасап жатқан кітапхана жұмысымен танысып, халық театрларының жандануы, дамыту барысы сондай ақ, әртістердің шеберлігін шыңдау мәселелерін қозғады. Батыстық топты бастап келген Иксанова Арайлым Жумабайқызы (облыстық халық шығармашылық орталығының көркемдік жетекшісі) Шымқалаға келуді көптен бері армандап жүргенін, халық шығармашылық орталықтарын дамыту қазақ халқының рухани дүниесін сақтап қалуға қосатын үлкен үлес екенін айтып өтті.
Жиында бас қосқан БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы «Мұрагер» халықтық театрының режиссеры Молдағалиева Әсел, БҚО, Теректі ауданы, «Дат» халықтық театрының актеры Кәдірғалиев Нұрсұлтан, Казталов ауданы,БҚО, «Казталов» халықтық театрының режиссеры Жұмабаева Данагүл,БҚО, «Жәнібек» театрының режиссеры Хамматова Жайнагүл, Бәйтерек ауданы, БҚО, Бәйтерек аудандық «Шың» музыкалық-драма театрының басшысы Сақтай Зейнұр және Шымкент қаласының мәдениет майталмандары пікір таласып, мәдениет, театр өнерін дамытудағы тың идеялармен тәжірибе алмасты.

Пікір жазу