Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ТАБЫСТАДЫ

САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ТАБЫСТАДЫ

Шымкент қаласында Наурыз мерекесі қарсаңында Көші — қон қызметі басқармасының қызметкерлері қала тұрғындарына алғашқы жеке куәлігін табыстады, деп жазады қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпарттық агенттігі.
Қазақстан Республикасының Премьер — Министрі орынбасарының тапсырмасы аясында «Наурыз» мерекесі қарсаңында Шымкент қаласы Полиция департаменті Көші — қон қызметі басқармасының қызметкерлерімен қандастарға және 16 жасқа толған жасөспірімдерге Қазақстан Республикасы азаматының алғашқы жеке куәлігі салтанатты түрде табысталды.
Сол қуанышты сәтті сезінген қала тұрғындарының бірі Роман Жаров. «Мен 16 жасқа толуыма байланысты ата — анаммен бірге осыдан 10 күн бұрын Шымкент ҚПД Абай ауданы Полиция басқармасы Көші — қон қызметі бөлімінің қызметкерлеріне жүгініп, тиісті құжаттар тапсырғанмын. Бүгін алғашқы жеке куәлігімді алдым. Абай ауданы Полиция басқармасы Көші — қон қызметі бөлімінің және Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне рахметімді айтамын. Баршаларыңызды келе жатқан «Наурыз» мерекесімен құттықтаймын» — деді Роман Жаров.

Пікір жазу