Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШАРУАСЫН ДӨҢГЕЛЕТКЕНДЕРДІҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

ШАРУАСЫН ДӨҢГЕЛЕТКЕНДЕРДІҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Шағын және орта бизнесті дамытуда мемлекеттік бағдарламалардың көмегі зор. Осы бағдарламалар арқасында бүгінде өз кәсібін ашып, шаруасын дөңгелеткендердің саны артып келеді. Солардың бірі — Шымкент қаласының тұрғыны Бекжан Ерназаров. Жасы 32-де.
Ол былтырғы жылдың шілде айында «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздері жобасымен оқып, сертификат алып, қайтарымсыз мемлекеттік грантқа құжат өткізген. Нәтижесінде бизнес жобасын сәтті қорғап, қыркүйек айында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде грантқа ие болды.
Жас шебер қазіргі таңда сандық шеберханасын ашып, тапсырысқа заманауи үлгіде түрлі ою-өрнектелген сандықтарды, қыз-жасау және т.б заттарды жасауды қолға алған. Бекжан бұл шеберлікті өзі үйренген.
«Өзіме ұнайтын іспен айналысып, тапсырыс жасаушылардың көңілінен шығуға тырысамын. Әр қазақтың үйінде осындай ою-өрнегі бар сандықтардың болуы керек» дейді жас кәсіпкер. Алдағы уақытта өз ісін дамытып, сапалы жиһаздарды жасауды да жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Шымкент қаласында өткен жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 5 мыңнан астам азаматтың әрқайсысы 200 айлық есептік көрсеткішті құрайтын қаржылай қолдауға ие болған. Мемлекеттік грант негізінде қайтарымсыз қаражат алған қала тұрғындары өз істерін бастап отыр. Олар көбінесе тігін, қолөнер шеберханасы, кондитерлік өнімдер әзірлеу мен мал шаруашылығына таңдау білдірген.

Пікір жазу