Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЖЫЛЫНА ҮШ ЖҮЗ ДАНА ДИЗЕЛЬДІ ГЕНЕРАТОР ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ

ЖЫЛЫНА ҮШ ЖҮЗ ДАНА ДИЗЕЛЬДІ ГЕНЕРАТОР ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ

Шымкент қаласындағы «Тассай» индустриалды аймағында дизельді генератор шығаратын «New Technology Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орналасқан. Онда жылына үш жүз дана дизельді генератор өндіріледі.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аталмыш мекеменің жұмысымен танысты. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Жоба 2018-2020 жылдары жүзеге асты. Құны — 300 млн теңге. Қазір мұнда отыз адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Өнімнің 70 пайызы – ішкі нарықта саудаланса, қалған отыз пайызы Өзбекстан еліне экспортталады.
Кәсіпорында альтернатор, дизельді қозғалтқыш, металл, поролон, шланг секілді қосалқы бөлшектер де өндіріледі. «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасымен индустриалды аймақтан бір гектар жер бөлінген болатын.
Зауыттың жұмысымен танысқан шаһар басшысы жұмысшы санын және өнім көлемін арттыру қажеттігін айтты. Сонымен бірге, мемлекеттік мекемелерді – ауруханалар мен мектептерді жергілікті өндіріліп жатқан дизельді генераторды тұтынуға шақыру керек деп тиісті басшыларға тапсырма жүктеді.

Пікір жазу