Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ПРОЕКЦИЯЛЫҚ ӨТКЕЛ ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ПРОЕКЦИЯЛЫҚ ӨТКЕЛ ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымшаһарда жаяу жүргіншілер өткелін проекциялық жарықтандырудың сынақ жобасы іске қосылды.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов фейсбуктағы аккаунтына жазды. Бұл туралы қалалық ақпараттық — коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық орталығы хабарлайды.
— Қаламызда жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа осындай жобаны қолға алып жатырмыз. Әзірге тек Сыпырған Ата көшесі мен Әл-Фараби көшесінің қиылысы, Темірлан тас жолындағы «Satti zhol» жанар — жағармай бекетінің маңына пилоттық жоба ретінде орнатылды, — дейді

Максут Исахов.
Оның айтуынша, жаяу жүргіншілерге арналған проекциялық өткел әдеттегі жол белгілеуінен көптеген артықшылықтарға ие.
— Мәселен, проекция жаяу жүргіншіні жарықтандырады және оны қараңғыда айқын көрсетеді, автомобиль фараларының жарықтығы мен бағытына байланысты емес, түрлі ауа — райында, жолда қар, шұңқырлар, мұз, батпақтар болған кезде де көрінеді, — дейді М. Пернебайұлы.
Бұл жобаның іске қосылып, сәтті жүзеге асырылатындығына сенім білдіреміз.

Пікір жазу