Өтініш беруші өзінің шағын ауданындағы білім беру ұйымына немесе басқа шағын ауданда орналасқан білім беру ұйымында бос орын болған жағдайда электронды үкімет порталы арқылы өтініш бере алады.
1-сыныпқа балалар 6 жастан (осы жылы 6 жасқа толатын балалар) қабылданады. Ол үшін өтініш, туу туралы куәлік, фотосурет 3х4 — 2 дана, денсаулығы туралы анықтама (0/26, 0/63), ерекше білімді қажет ететін балалар болған жағдайда «Педагогикалық- психологиялық- медициналық кеңесі» қорытындысы қажет.
Құжаттарды қабылдау тәртібі:
1. Электронды түрде (1 жұмыс күні)
2. Құжаттарды қабылдау туралы 15 минут ішінде СМС хабарлама жолданады.
3. Құжаттарды қабылдау туралы СМС хабарлама немесе дәлелді бас тарту туралы СМС хабарлама жолданады.
Дәлелді бас тарту:
1.Құжаттардың толық болмауы;
2.Мектеп жобалық қуаттылығынан оқушылардың асуы
Білім беру ұйымдарына құжаттарды ұсыну алгоритмі
1. Ата-ана элекронды цифрлық қолтаңба алуы тиіс.
2. Электронды үкімет порталын ашу https://egov.kz.
3. egov.kz порталында «БІЛІМ» бөліміне кіру.
4. «БІЛІМ» бөлімінде «Орта білім» батырмасын таңдау.
5. «Құжаттарды қабылдау және білім беру ұйымдарына қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта)» қызметін таңдау.
6. «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасын таңдау.
7. «Жеке кабинетке» кіру үшін жеке цифрлық қолтаңбаны пайдалану.
8. Құжаттарды тізімге сәйкес жүктеу (Өтініш, туу туралы куәлік, 3×4 фотосурет — 2 дана, денсаулық туралы анықтамалар (0/23,0/63).
9. Құжаттарды жүктегеннен кейін электронды цифрлық қолтаңбамен қол қою.
10. Құжаттарды қарастыруға қабылдау туралы SMS хабарлама алыңыз.
11. Бір жұмыс күні ішінде сіздің жеке кабинетіңізге немесе ұялы телефоныңызға оқуға қабылдау немесе дәлелді бас тарту туралы SMS хабарлама жіберіледі.