Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ

ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ

Қаратау ауданында «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы өткізілді. Тәулік бойы тыным таппай, кәмелетке толмағандардың ісімен айналысатын тәртіп сақшыларының бірі — ювенальды полиция. Инс-пекторлар үнемі ата-аналар және оқушылармен жүйелі түрде кездесулер өткізіп, еліміздегі заң нормаларын түсіндіреді. Әрі түнгі мезгілде жүретін жеткіншектерді бақылауға алып, олармен жұмыс жүргізеді.
Шымкенттік полицейлер жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 23-30 наурызы аралығында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Іс-шара аясында Қаратау ауданы Полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі рейдтік жұмыстар жүргізді. Рейд барысында түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз көшеде немесе ойын-сауық орталықтарында жүрген кәмелет жасына толмағандар анықталып, олардың ата-аналарына қатысты тиісті әкімшілік шара қолданылды. Іс-шараның нәтижесімен Қаратау ауданы бойынша ҚР ӘҚБтК 442 бабының 2 бөлігімен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуы)- 67 ескерту жасалды, ҚР ӘҚБтК 442 бабының 1 бөлігімен ( Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы)- 3 хаттама, ҚР ӘҚБтК 132 бабының 1 бөлігімен (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiн) заңды өкiлдерiнiң бірге жүруiнсiз ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) – 2 хаттама толтырылды. Ішкі істер органдарының есебіне 27 жасөспірім және 36 жайсыз отбасы қойылды.
Өз кезегінде, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жасөспірімдерді түнгі уақытта назардан тыс қалдырмай, ересектермен ғана еріп жүруін сұранады.

Пікір жазу