Азаматтарға арналған электронды үкімет порталының қызметі жүйелі жұмыс істеп келеді. Әсересе,мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ерекше жағдай жасалған. Олар үшін үйге жеткізу қызметін атқаратын мобильді топ бар. Бұл туралы «Оңтүстік» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабаралйды.
Күн сайын халыққа қызмет көрсету орталығының қызметіне 3 мыңнан астам азамат жүгінеді. Соның тең жартысына жуығы қажет құжатқа онлайн түрде қол жеткізеді.
Бүгінде азаматтарға арналған электронды үкімет порталы 800-ге жуық мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Соның 80 пайыздан астамы халыққа электронды форматта қолжетімді. Қажетті құжатыңызды онлайн түрде алу үшін бірнеше мүмкіндіктер жасалған.
Шымкент қаласының тұрғыны Қонысбек Тембаев орталық қызметіне онлайн жүгінетіндердің бірі. Бұл жолы қала тұрғыны электронды қолтаңба кілтін жаңартуға келіпті. Азаматтың айтуынша, мемлекеттік қызмет түрлерін алу қазір едәуір жеңілдей түскен. Бұған елдегі «Цифрлы Қазақстан» жобасының тигізген үлесі зор.
Ал, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы жүйе қызмет етеді. Ол үшін 1414 номеріне хабарласса болғаны. Үйге жеткізу қызметі 62 сағат ішінде өтінішті қанағаттандырады. Жалпы орталық жүйесіне Egov.kz порталы, Egov mobile қосымшасы, Egovkzbot2.0 телеграм-боты қосылған. Сондай-ақ, 1414 байланыс орталығына хабарласып, кез-келген сұраққа жауап алуға болады.