«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында халықпен кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал — майоры Ералы Жумаханбетов онлайн — режимде азаматтарды қабылдады.
Халықтың полицияға сенімін арттыру және олардың проблемалық мәселелерін шешуді көздейтін кездесуге 40-қа жуық тұрғын алдын ала жазылған. Тұрғындар тарапынан көтерілген сауалдар мен ұсыныстардың басым бөлігі жол қауіпсіздігі, қылмыстық істерді тергеу, пәтерді заңсыз тапсыру, тыныштықты бұзу секілді мәселелерге қатысты болды. Қосымша зерделеуді қажет ететін істердің материалдарын департамент басшысы жеке бақылауына алды. Бірқатар фактілер бойынша бөліністердің басшыларына әрбір өтініш пен шағымды егжей — тегжейлі қарау туралы тиісті тапсырмалар берді. Ендігі жерде осы азаматтардың мәселесі заңды шешіліп, нәтижелі орындалуын Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы өзі қадағаламақ. Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов халықпен кері байланыс орнату және өзара тиімді іс-қимыл жасау мақсатында әр сәрсенбі сайын азаматтарды қабылдайды.