Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН САҚТАУ МАҢЫЗДЫ

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН САҚТАУ МАҢЫЗДЫ

Қала аумағында санитарлық — эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 22 мобильдік топ жұмыс атқаруда. Бүгінде олар күшейтілген күн тәртібінде жұмыс жасап жатыр.
Мобильдік топ 1 сәуір күні 356 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді,
Оның шінде 17 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды (337 кәсіпкерлік нысан, 19 жеке нысан).
Сонымен қатар, қалада 01 сәуір күнге КВИ-дің 96 жағдайы тіркелді (белгілері бар — 60, белгілері жоқ — 36). 60 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 36 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1380 орын бар (қалалық инфекциялық орталық-560, Атамекен клиникасы-500, ЖШС «14 емдеу орталығы»-320 орын), төсек орын толымдығы 22%-ды құрайды, 1067 төсек орын бос.
Өткен тәулікте 2329 адамға ПТР алынды.
Қала тұрғындарының назарына!
Мамандар қала тұрғындарына сақтық шараларына салғырт қарамай, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуын, қоғамдық көліктерде, дүкендер мен қоғамдық тағамдану орындарында бетперде киіп жүруге шақырады. Вирусты инфекцияға шалдыққан адамдардың санының одан әрі артуы немесе артпауы сіз бен бізге байланысты. Сіздің саулығыңыз — ел саулығы екенін ұмытпаңыз.

 

Пікір жазу