Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ: КЕЛЕШЕККЕ КЕДЕРГІСІЗ ҚАДАМ

ШЫМКЕНТ: КЕЛЕШЕККЕ КЕДЕРГІСІЗ ҚАДАМ

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы мен оған қарасты төрт ауданның партиялық филиалында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды Бірыңғай тақырыптық қабылдау» акциясы өтті.
Акция мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың денсаулығы мен әлеуметтік жағдайларына тұрақты түрде назар аударып, партия атынан құзіретті мемлекеттік органдар мен азаматтарға диалог алаңын ұсыну.
«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы ғимаратында өткен қоғамық қабылдауға «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары, фракция жетекшісі Бекайдар Тулегенов, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қалалық басқарма басшысы Бахтияр Унербаев, қалалық денсаулық сақтау басқарма басшысының міндетін атқарушы Бақытжан Позилов, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқарма басшысының міндетін атқарушы Нұрғали Егембердиев, қалалық «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Вадим Торопов мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қабылдап, мұң мұқтажын тыңдады. Бірқатар мәселелер бақылауға алынып, тағы біразы сол жерде оң шешімін тапты.
Айта кетейік, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы «Nur Otan» партиясының басым бағыттарының бірі. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымыздың негізгі мәселелерін сараптап, партия тарапынан оларға жан-жақты қолдау көрсету үшін ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Олардың негізгілері – инклюзивті білім беру, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуға жағдай жасау және қоғамдық орындарда «кедергісіз орта» қалыптастыру.

Пікір жазу