Бүгін ешкімге алданып қалған жоқсыз ба? 1 сәуір — Күлкі күні бүкілхалықтық бейресми мереке. Басқа мерекелерден айырмашылығы сол, шығу тарихы белгісіз. Бұл күнді әр елде әртүрлі атайды екен. 1 сәуір – күлкі, әзіл — қалжыңға толы сонымен қоса өзгелерді алдау күні деп есептеледі. Бұл күні алданғаны үшін ешкім қабақ шытпайды.
Италияда бұл күнді «Ақымақтар» күні, Англияда «Көңілді алдаушылар күні», Шотландияда «Көкек күні», Жапонияда «Қуыршақтар күні», АҚШ-та «Ақымақтар күні» деп аталады екен.
Бұл мереке әлемдегі бірде — бір елдің діни немесе тарихи дәстүрімен байланысы жоқ. Ал Шымкентте жыл сайын осы күні «Күлкі жәрмеңкесі» ұйымдастырылып келеді. Соңғы жылдары осы жобаға мемлекеттен қолдау болмаса да өңірімізден шыққан сатира саңлақтары жобаны өз күштерімен жалғастырып келеді.
Ежелгі Грек жазбаларында адам міндетті түрде көңіл көтеріп, күлуі қажет деп есептейді. Күлкі адамды емдейді және жағымсыз қасиеттерден тазартады деп түсінген. Бұны «рухани тазару» катарсис яғни күлкі арқылы тазару деп атаған.