Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ СПОРТШЫЛАРЫ ҚР ЧЕМПИОНАТТАРЫНАН 346 ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ

ШЫМКЕНТ СПОРТШЫЛАРЫ ҚР ЧЕМПИОНАТТАРЫНАН 346 ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ

2021 жылдың 3 айында қала спортшылары Қазақстан Республикасының чемпионаттарынан 346 медаль жеңіп алды: 144 алтын, 106 күміс, 126 қола жүлде.
Жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттарында қала спортшылары 1 күміс, Әлем чемпионаттары мен кубоктарында 1 алтын, 4 күміс және 5 қола медальге ие болды.
Қалалық денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Б. Тұманбаевтың айтуынша, спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының негізгі құрамына 490, жастар құрамасына 231, жасөспірімдер құрамасына 176, жалпы 897 спортшы енген.
Шымкент қаласында әр төрт жылда бір рет өтетін Қазақстан Республикасының V Жастар Ойындарының салтанатты ашылуы өтті. Жастар Ойындарында спорттың 36 түрінен спортшылар бақтарын сынайды. Жарыс бағдарламасындағы 6 спорт түрі қаламызда ұйымдастырылады.
2021 жылы Токио қаласында өтетін Жазғы Олимпиада Ойындарына қатысу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама сапына енген спортшылармен дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда оқ ату спорт түрінен Юрий Юрков, стенд атудан Сәрсенкүл Рысбекова, каратэден Дархан Асаділов, бокстан Закир Сафиуллин Олимпиада ойындарына қатысуға жолдама жеңіп алды.

Пікір жазу