Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Шымкенттің бас санитар-дәрігері адамдардың көп жиналуына байланысты кез келген іс шараларды өткізуге тыйым салатын жаңа қаулы шығарды. Жаңа қаулы бойынша Шымкентте карантин шаралары 12-сәуірден 26 сәуірге дейін күшейтіледі.
Бұл туралы Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.
Жаңа қаулыға сәйкес, кеңсе қызметкерлерінің 50%-ын қашықтықтан жұмыс істеуге көшірілсін. Толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан аспайтын ашық ауада жұмыс істейтін қоғамдық тамақтандыру объектілерінің және ғимараттарда орналасқан объектілердің жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері сағат 07:00-ден 23:00-ге дейінгі уақытқа шектелген. Қоғамдық тамақтану орындарында кальяндарды пайдалануға тыйым салынады. Жеткізу және шығару режимінде жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану нысандары қалыпты жұмыс істей бермек. Мектептерде орналасқан асханалардың және банкет залдардың жұмысына тыйым салынып, сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарында түрлі іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. СПА-орталықтары, әсемдік салондары, шаштараз, косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін орталықтары мен салондардың (алдын ала жазылу бойынша бір келушіге 4 шаршы метр сақталуымен) жұмыс уақытын 09:00-ден 23:00-ге дейін шектеумен қызмет көрсетеді.
Ал, жексенбі күні СПА орталықтарының жұмысына тиым салынған. Қоғамдық моншалар мен сауналар жұмыс күндері сыйымдылығы 50% аспайтын тіәртіппен қызмет көрсетсе, жексенбі күні сауналардың жұмысы тоқтатылатын болды. Ал, балалардың ойын-сауық орталықтарының (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар), цирктердің жұмысына тыйым салынған.
Сондай-ақ, мәдениет нысандарының, театрлардың, концерттік залдардың, цирктердің (сыйымдылығы 20% адамнан аспайтын, бірақ 100 адамнан артық емес, «InfoKazakhstan.kz» порталда тіркелуімен, бетперде кию режимі, әлеуметтік қашықтық және ҚР БМСД №67 қаулысының талаптары сақталған жағдайда) кітапханалардың, мұражайлардың жұмысы қалыпты режимде ұйымдастырылмақ. Діни объектілерінің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогтар және тағы басқалар) жұмысы,ұжымдық Құдайға құлшылық етусіз, оның ішінде жұма намазы, тарауих намазы күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимде оқылатын болды. Көңіл көтеру мекемелерінің (бильярд, караоке, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары және тағы басқалар), букмекерлік конторларының және ойын клубтарының, оның ішінде онлайн режімінде өткізілетін лотерея ұтыс ойынын жүргізуді қоспағанда, лоторея ұтыс ойынын жүргізуге тыйым салынған.
Кинотеатрлардың жұмысы (сыйымдылығы 20% аспайтын, «InfoKazakhstan.kz», порталда тіркелуін, бетперде кию режимін, әлеуметтік қашықтық сақтаумен,шахматтық ретпен отыруын және ҚР БМСД №67 қаулысының талаптары сақталған жағдайда) сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін уақытпен жұмысы шектелген. Контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат етілді.
«Жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныптарды қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныптарды қоса алғанда, сыныптардың жинақталуын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытылады. 9, 11 (12) сынды бітіру сыныптары үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқыту: пәндердің 70% — ы штаттық режимде, 30% — ы қашықтықтан (сыныпта 25 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 1 — сынып-1-кабинет қағидаты бойынша оқыту, бір мезгілде мектепте жобалық қуаттың 30%-дан аспайтын болуы, санитариялық-дезинфекциялық режимді және бетперде режимді күшейту сақталсын) талап етіледі. Білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушылар жеке оқытылады» делінген қаулыда.
Еске салсақ, 7 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Шымкент «сары» аймақта орналасқан.

Пікір жазу