Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ ҚАРҚЫНДЫ ӨСУ БАЙҚАЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ҚАРҚЫНДЫ ӨСУ БАЙҚАЛАДЫ

Бүгін онлайн өткен Үкімет отырысында 2021 жылдың I тоқсандағы әлеуметтік — экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері баяндалды. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша макроэкономикалық көрсеткіштер жақсарған.
Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің айтуынша, Шымкент қаласының ауылшаруашылығы, инвестиция тарту, құрылыс, тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіштері бойынша қарқынды өсу байқалады.
– Көптеген өңірлерде жоғары инвестициялық белсенділік сақталуда. Өнеркәсіп нысандарын салу мен өндіріс құрылғыларын дамыту іс-шаралары есебінен Шымкент қаласында өсу байқалады. Бұл бағытта Шымкент қаласы екінші орында келеді. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда 45,8 пайызға өскен.
Биыл қаңтар — наурыз айында тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша ең үздік көрсеткіш (5,9 пайыз) Шымкент қаласында байқалды, – деді Ұлттық экономика министрі.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы секторы бойынша да Шымкент қаласы екінші орында (5,5 пайыз) келеді.
Жиында өңірлер бойынша қаңтар  -наурыз айындағы негізгі көрсеткіштер жария етілді. Бес көрсеткіш бойынша алты өңір оң нәтижелерге қол жеткізген. Олар – Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай облысы және Шымкент қаласы.

Пікір жазу