Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

Шымкент қаласы аумағында санитарлық — эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылау ұдайы назарда: 24 мобильдік топ мониторинг жұмыстарын атқаруда.
Өткен тәулікте 353 нысанға (335 кәсіпкерлік нысан, 18 жеке нысан) тексеру жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 10 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталды.
Сонымен қатар, 11 сәуір күні КВИ-дің 53 жағдайы тіркелді: белгілері бар — 29, белгілері жоқ — 24. 12 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 41 адам үй бақылауына алынған.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1010 орын бар (қалалық инфекциялық орталық-490, Атамекен клиникасы-450, Орынбай ГБОО-70 орын). Төсек орын толымдығы — 32%, 682 төсек орын бос.
Инфекциялық стационарда 328 науқас емделуде (КВИ-183, пневмония- 135, ЖРВИ- 10), жансақтау бөлімінде — 22 (6 ИВЛ,
16- НИВЛ).
Жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) саны – 333 000.
Шымкентте 7 сәуірден бастап барлық санаттағы адамдарға екпе салынып жатыр. Қалаға 30 мың доза вакцина келген. Екпе егу сенбі, жексенбі күндері де, таңғы сағат сегізден кешкі сегізге дейін жүргізіледі. Әзірге 37 вакцинациалау бекеті бар. Бекеттің ішінен тағы қосымша бөлімдер ашылуда.

Мамандар қала тұрғындарына сақтық шараларына салғырт қарамай, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуын, қоғамдық көліктерде, дүкендер мен қоғамдық тағамдану орындарында бетперде киіп жүруге шақырады. Вирусты инфекцияға шалдыққан адамдардың санының одан әрі артуы немесе артпауы сіз бен бізге байланысты. Қарапайым карантин талаптарын сақтай отырып, өз өміріңді және жақыныңның өмірін сақтай аласың.

Пікір жазу