Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕККЕ ӨТІНІШ БІЛДІРУШІЛЕР ҚАТАРЫ КӨБЕЙГЕН

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕККЕ ӨТІНІШ БІЛДІРУШІЛЕР ҚАТАРЫ КӨБЕЙГЕН

Сәуір айының басынан атаулы әлеуметтік көмекке өтініштер электрондық үкімет порталы арқылы онлайн форматта қабылдануда. Шымкентте АӘК-ге құжатты онлайн рәсімдеуге жүгінгендер қатары көбейген. Қалалық жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, бүгінгі күнге жаңадан келіп түскен 19 408 өтініштің 6704-і электрондық үкімет порталы арқылы тапсырылған. Бұл – небәрі 1 ай ішіндегі көрсеткіш.
Аз қамтылған азаматтар мен көпбалалы отбасылар құжаттарын Egov.kz сайты арқылы тапсыра алады. Өтініштерін қашықтан тапсырулары үшін электронды цифрлық қолтаңбалары (ЭЦҚ) болуы керек. Бұл тұрғындарға өте ыңғайлы әрі орталыққа келіп әуре болмайды.
Жалпы, атаулы әлеуметтік көмек – бұл мемлекеттен уақытша қаржылай қолдау. Демек, табысы төмен азаматтарға төленеді. Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек екі санатқа бөлінеді: шартсыз және шартты. Шартсыз алушылар – бұл еңбекке қабілетті отбасы мүшелері жоқ отбасылар. Шартты санатына еңбекке қабілетті мүшелері бар отбасылар кіреді.
Көп жағдайда атаулы әлеуметтік көмекке жұмыс істеп жүрген азаматтар да өтініш тапсырады. Ондай жағдайда кіріс табысы ескеріліп, кедейшілік шегінің 70 пайызынан асқан жағдайда бас тартылады. Жұмыссыз жүрген азаматтарға қалалық жұмыспен қамту орталығы тарапынан «Жұмыспен қамтудың» белсенді шараларына қатысу ұсынылуда.

Пікір жазу