Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ТАЗАЛЫҚ — ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

ТАЗАЛЫҚ — ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші — қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде «Тазалық – денсаулық кепілі» атауымен сенбілік өтті, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.
Сенбіліктің негізгі мақсаты — Департамент тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін алушы азаматтарға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың денсаулығына қауіп төндірмеу, «Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың Департаментке дейін жүретін жолын» бағдарлау болып табылады. Көктем мезгілінде мекеме айналасына тазалық жүргізудің маңызы үлкен екені түсіндірілді.
Департамент басшысы Б.Унербаев қызметкерлер алдында сөз сөйлеп, тазалық акциясының мән – маңызына тоқталып өтті.
Сенбілік кезінде Департамент ауласында, іргелес аулаларда тазалық, қоқыстан тазарту, ағаш түбін қопсыту, әктеу — сырлау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, аумақты толықтай залалсыздандыру мақсатында Департамент ғимаратында дезинфекциялық тазалау жұмыстары да жүргізілді.
Сондай-ақ, Департамент аумағынан Қазыбек би көшесі аумағына дейінгі жол бойындағы арық жүйелері, жол аяқтар тазартылды.

Пікір жазу