Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » М. ӘЙТЕНОВ ТҰРҒЫНДАРДЫ ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАДЫ

М. ӘЙТЕНОВ ТҰРҒЫНДАРДЫ ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАДЫ

Шымкент қаласының әкімі тұрғындарды онлайн қабылдады, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызмпетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.
Бүгін қала әкімінің онлайн қабылдауына келушілер сауда орталығын, жаттығу орнын, бірі көп балалы аналар мен балаларға арналған тегін оқу орталығын ашуды ұсынса, енді бірі қала ішінде жер сұрауда.
Асар шағын ауданының тұрғыны Г.Масабаева «Еңбек» бағдарламасы арқылы мемлекеттік грантты жеңіп, көп балалы аналар мен балаларға арналған тегін оқу орталығын ашуды жоспарлап отыр.
— Құжаттарыңыз комиссия қарауында. Егер, бизнес идея сәйкес емес болып құжаттарыңыз өтпеген жағдайда, бағдарлама аясында сұраныстағы мамандықтарға оқуға болады немесе ЖК, ЖШС ашып жұмыс жасаған жағдайда қоғамдық жұмысшылар жолдауға мүмкіндік бар, — деді шаһар басшысы.
Сонымен қатар, кездесуде тұрғындар заңсыз жер телімдерінің мәселесін шешуді, аулаға балалар алаңшасын орнатып беру, үй беру мәселелерін көтерді. Мұрат Әйтенов шағымдардың әрбірін мұқият тыңдап, тиісті басқарма басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Пікір жазу