Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДА

ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДА

Мемлекеттік бағдарламаның жемісін көрген қала жастарының бірі — Ұлбике Илесова. Жиырма жастағы қала тұрғыны өткен жылы М. Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің «Заңгер» мамандығы бойынша білімін аяқтаған. Оқу бітірген соң, бірден жұмыс таба алмай, ол жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген-ді.
Ол осы жылдың наурыз айында Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ–не жастар практикасы бағдарламасымен 6 ай мерзімге жолданды.
«Жастар практикасы мақсаты ең алдымен кәсіби тәжірибе жинау. Содан кейін, өзін көрсету арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болу. Алдағы уақытта бойымдағы жауапкершілік пен іскерлігімнің арқасында тұрақты жұмысқа орналасуға жоспарым бар» -дейді жас маман.
«Жастар практикасы» уақытша жұмыс орны болып есептелінеді. Бағдарламаға 29 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім түлектері қатыса алады. Аталған бағдарламаға тек бір рет қатысуға болады. Шымкентте жыл соңына дейін бұл бағыт бойынша 2500 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.

Пікір жазу