Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ «АШЫҚ БУХГАЛТЕРИЯ» ЖОБАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

ШЫМКЕНТТЕ «АШЫҚ БУХГАЛТЕРИЯ» ЖОБАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Шымкенттегі білім беру ұйымдарында «ашық бухгалтерия» жобасы қолға алынғандығы туралы қалалық білім басқармасының басшысы баяндады, деп жазады әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.
Шымкент қаласының білім саласында сыбайлас жемқорлықты болдырмау, қағазбастылықтан арылу мақсатында 32 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі 100 пайыз автоматтандырылған. Білім беру ұйымдары толығымен сенім байланыс орталықтарымен және «OPEN ЅРАСЕ» кабинеттерімен қамтамасыз етілді. Мектеп директорларының кабинеттері сыныптарға беріліп, кабинеттері бірінші қабатқа көшірілді.
Нәтижесінде арыз — шағым 75 пайызға, қағазбастылық 100 пайызға төмендеген.
Одан бөлек, бюджеттің ашықтығын қалыптастыру мақсатында «Ашық бухгалтерия» жүйесіне көшу үшін пилоттық жоба ретінде басқармаға қарасты 7 мекемеде (3 мектеп, 4 балабақша) жұмыстар басталды. Нәтижесінде нақты қалдықтарды талдау арқылы шығындарды тиімді жоспарлауға, бюджет қаражатын тиімді бөлуге, ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін арттыруға, шоғырландырылған есептіліктен бастапқы құжатқа дейін ашық есеп жүргізуге мүмкіндік туады.
Шаһар басшысы пилоттық жобаны барлық білім беру ұйымдарында қолға алуды тапсырды.

Пікір жазу