Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ: «АҚЫЛДЫ ЕМХАНА» ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУДЕ

ШЫМКЕНТ: «АҚЫЛДЫ ЕМХАНА» ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУДЕ

Шымкенттегі 28 медицина ұйымы «ақылды емхана» жүйесіне көшуде, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.
Шымкент қаласындағы 28 медицина ұйымы «Ақылды емхана» жүйесіне көшіп жатыр. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов қала әкімі алдындағы есепті жиында айтты.
Осы жылдың бірінші тоқсанында атқарылған іс-шаралар жайын баяндаған басқарма басшысы қаладағы медицина саласын цифрлық технологияға көшіру жұмыстары қарқын алғаны жөнінде атап өтті.
Мәселен, жоғарыда аталған емханаларға QR код жүйесі орнатылып жұмыс жүргізілуде. QR код қосымшасы арқылы науқастар дәрігердің қабылдауына жазылып, қажеттілік болған жағдайда медицина маманын үйіне шақыруына болады. Ең маңыздысы – ұсыныстар, арыз — шағым мен талаптар қалдыруға да жағдай жасалған.
Сонымен қатар, емханалар «Даму Мед» медициналық ақпараттық жүйесімен жұмыс жүргізуде. Бүгінде шаһарда мобильдік қосымшаны пайдаланушылар – 201 780 адамға жетіп отыр. Электрондық денсаулық паспорттары 1052849 пациентке толтырылған. Бұл көрсеткіш қала халқының 97,8 %-ын құрайды.

Пікір жазу