Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ: 97,6 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ШЫМКЕНТ: 97,6 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Тұрғын үй құрылыс жұмыстары Тұран шағынауданы мен Әкімшілік — іскерлік орталығында жүргізілуде. Тұран шағынауданында 2021 жылы 61 тұрғын үйдің (3848 пәтер) құрылысы атқарылады.
Шымкент қаласы құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов 2021 жылы І тоқсанда атқарылған жұмыстар бойынша нәтижелерді баяндады, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.
Басқарма басшысының мәлімдеуінше, Шымкент қаласының құрылыс басқармасы тарапынан 2021 жылы бюджет есебінен жалпы 42,5 млрд теңгеге 112 нысанның құрылысы жоспарланған. Оның ішінде; тұрғын үй — 57 нысан (79 үй, 4832 пәтер, 281,1 мың шаршы метр), инженерлік инфрақұрылым нысандары – 15, білім беру – 11, абаттандыру нысаны – 2, мәдениет –2, төтенше жағдай – 1, спорт – 2 нысан. Аталған жобалар бойынша І тоқсанда игерілген қаржы көлемі – 4,6 млрд. теңге.
Сонымен бірге, Шымкент қаласында 2021 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 287,1 мың шаршы метр құрайтын 79 көпқабатты (4832 пәтерлі) тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде: арендалық – 14 үй (768 пәтер), кредиттік – 65 үй (4064 пәтер).
Құрылыс басқармасы басшысының айтуынша, жалпы бөлінген қаржы – 25,6 млрд теңге. Биыл 39 үй пайдалануға беріледі (2432 пәтер, 141 мың шаршы метр). Яғни, кредиттік 33 үй, арендалық 6 үй пайдалануға тапсырылады. 3 айдың қорытындысы бойынша 2,9 млрд теңге қаржы игерілді.

Пікір жазу