Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ ЭКОПОЛИЦЕЙЛЕР 13 МЫҢНАН АСА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ЭКОПОЛИЦЕЙЛЕР 13 МЫҢНАН АСА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАДЫ

Шымкент қаласының тазалығын қамтамасыз ету, тұрғындарда тазалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен Полиция департаменті қызметкерлерінен экополицейлер құрылған болатын. Әр ауданға 4 маманнан тартылған. Жыл соңына дейін мамандар санын 10-ға шығару жоспарлануда.
Олар «Мүлдем төзбеушілік қағидаты» бойынша әрбір құқық бұзушылыққа дер кезінде ден қою үшін «уатсап» желісі арқылы чаттар құрып, оған белсенді азаматтар, үй тұрғындары мен үй төрайымдарын, блогерлерді енгізген. Бұл әдіс құқық бұзушылықтарды анықтау, дер кезінде тиісті шара қабылдау бағытында оң әсерін тигізуде.
Бұдан басқа қалада қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тазалыққа бағытталған «Шымкент-Таза қала» атты айлық өткізді. Іс-шара 26 сәуірден бастап қайта жалғасын тапты.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде тәртіп сақшылары 4 айда 13 312 «Мүлдем төзбеушілік қағидаты» бойынша экологиялық құқық бұзушылық анықтаған. Әкімшілік кодекстің 434-2 бабы (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) -1927 (2020 ж.-1138), 505-бап (абаттандыру қағидаларын бұзу) бойынша -3661 тұлғаға (2020 ж.-721) хаттама толтырылды.
Сонымен қатар, Патрульдік полиция полкі қызметкерлері жол жабындысын ластаған 7724 жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты әкімшілік шаралар қабылдаған.
Осы орайда, тұрғындарды қоқысты рұқсат етілмеген жерге тастамауға шақырамыз. «Шымкент – таза қала» статусына әрбіріміз жауапты екенімізді ұмытпайық!

Пікір жазу